KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Өскемендегі "Прогресс" аялдамасы маңындағы жаяу жүргіншілер өткелін алып тастады

18.05.2018, 06:27 153

Облыс әкімінің баспасөз қызметі бүгін «Прогресс» аялдамасының  жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінің алынып тасталғанын  мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс.


Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі қауіпті деп танылған және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіндігі анықталған.


Бүгін жергілікті Әкімшілік полиция басқармасының шешімімен «Жаяу жүргіншілер өткелі» ескерту белгісі алынып тасталып, орнына «Жаяу жүргіншілердің өтуіне тиым салынады»  белгісі қойылды.


Аталған орыннан  30 метр жерде бағдаршаммен  реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив