KZ
Өскемен
-1°
снег жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскеменде «секем тудыратын сөмкелер» жиілеп кетті

15.05.2018, 04:46 247

Өскеменде «секем тудырған сөмкелер» оқиғалары жиілеп кетті. Стрелка ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласын бүгін жедел қызмет тобы қоршауға алды, деп хабарлайды Алтайньюс.


Аталмыш үйдің тұрғындарының айтуынша, бүгін таңертең Протозанов көшесіндегі №19 үйдің ауласынан сыртқы пішіні сөмкеге ұқсас күмәнді зат табылған.  Үйдің маңында тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем көлігі және басқа да жауапты орындар жұмыс істеді.


-Күмәнді зат туралы ақпарат түсе салысымен жедел әрекет ету талаптарына сәйкес жұмыс басталды. Аталған орын бірден қоршауға алынып, полиция қызметкерлері жіберілді,- деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көшеде қалған шабаданды сол маңайда тұратын егде жастағы тұрғындардың бірі аулаға ұмытып кеткен.


Өскеменде кеше де дәл осындай оқиға болғанын естеріңізге сала кетейік.


Тәуелсіздік даңғылындағы жол үсті өткелі салынып жатқан жерден Ушанов алаңына дейінгі аралық толық қоршауға алынды. Бұл жердің де қырағы тұрғындары  көшеде жатқан сөмкеден секем алған.  Қоршалған маңайды тиянақты түрде тексерген тәртіп сақшылар күмәнді сөмкеден қауіпті ештеңе шықпағанын мәлімдеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив