KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Қазпочта АҚ-ы менеджері Манарбек Әбенов: Небәрі 100-120 мың теңгемен шетелге барып келуге болады

13.05.2018, 05:28 126

Семейдегі Жастар мен балалар шығармашылығы сарайында екінші мәрте лицензиялық TEDx Semey конференциясы өтті. Биыл бұл конференция – «Just do it!» - «Істі қолыңа ал да жаса!» деп аталды. Алғашқы боп сахнаға Қазпочта АҚ-ы менеджері Манарбек Әбенов шықты.


-Әлем бойынша саяхат жасау қиын емес,-деді Манарбек Әбенов,-мен мәселен, Павлодар қаласында Қазақ-Герман колледжінде банк ісі бойынша білім алдым. 2014 жылы Қазақстан Интернет банкінің қауымдастығының директоры болып тағайындалып, 2012-2014 жылдары «Қазпочта» Ақ-ының карточкалық бизнесінің дамуына жұмыс жасадым. 2015 жылы Казпочтаға оралып, өзімнің жеке орталығымды аштым. Әлеуметтік желілерде белсендімін, сүйікті ісім саяхат жасау. Исландия елін тамашалап келдім. Сенсеңіздер, небәрі 100-120 мың теңгеге шетелге барып келуге болады.


Бұдан кейін сахнаға шыққан кәсіпкер жас Арман Машимов балалар мен жасөсіпірмдер арасындағы спидкубинг спортын дамыту үшін не істеу керектігін айтты. Арман үшін қайырымдылық жасау күнделікті әдетке айналған десе де болады. №12 мектепке арнайы футбол алаңы, турниктері мен секіретін жеңіл атлетика жолағы бар спорт стадионын сыйлау үшін «Tandem Trade Company» ЖШС директоры Арман Машимов барлығын жұмылдырды. Ол №12 мектептің 1996 жылғы түлегі. Өскемен қаласында өткен «Менің мектебім» атты акцияға белсене қатысып, атсалысып келген де өзі. Себебі отбасында алған тәрбиесі солай. Ата-анасы көмек сұраған жанға қайырымдылық қол үшін беруді назардан тыс қалдырмайды. Тіпті өздері де жағдайы жоқ болып тұрып, өзгеге мүмкіндік жасаған.


-Жоғары білімді маманмын, бірақ сауда агенті сияқты ұсақ-түйек жұмысты атқарып жүргеніме барлығы таң қалды,-деді Арман Машимов,-агент боп кез келген мамандығы жоқ адам жұмыс істей берер, ол рас. Десек те, экономиканы бес саусақтай білуім бұл салада тез аралықта өркендеуіме ықпал етті. Сөйтіп, бір жарым жыл өткенде сауда-саттық бойынша бас маман қызметіне көтерілдім. 2005 жылы мені республикалық іргелі сауда компаниясы ШҚО бойынша өкіл болуға шақырды. Сол қызметте 3 жыл сауда саласы бойынша директор боп жұмыс істеген соң, өз кәсіпкерлігімді дамыта алатындығыма сенімді болдым. Содан бастап қазірде, шырындар мен алкогольсіз өнімдерді көтерме саудаға шығаратын кәсіпкерлікпен айналысып келемін.


Жиында сол сияқты Семейдегі Аналар үйінің үйлестірушісі Айнагуль Нуртазина да спикер ретінде шығып, өз ойымен бөлісті:

-2001 жылы біз отбасымызға бір ұл баланы асырап алдық,-деді Айнагүл Нұртазина,-2011 бір жасөспірім баланы тағы да асырап алдық. Сонымен біздің отбасымызда алты бала, төрт қызымыз және екі ұлымыз бар. Сіздерге бала асырап алудан қорықпаңыздар дегенді айтқым келеді.


«#Не молчиKZ» жобасының продюссері Дина Смайылованы ержүрек қыздардың бірі деп атауға болады. Ол мамандығы бойынша модельер-құрастырушы. 2003 жылы балаларға арналған «Тансари» атты мюзик-театр ұйымдастырды. 2016 жылы 9 маусымда ол өзінің Дина Тансари блогында жасөспірімдік шағында қалай зорлыққа тап болғаны жайлы сыр шертіп, ашық әңгіме жариялады. Содан бері ол зорланған балалар мен қыз-келіншектердің құқығын қорғаумен айналысып келеді. Бүгінде Дина «#Не молчиKZ» және «#Не молчиKZ. дети» атты қоғамдық қорды басқарып отыр. Бір жылдың ішінде оның ұйымы әлемге танымал болды. 2017 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ның 72-інші Ассамблеясы аясында Дина Смаилова Нью-Йорктегі халықаралық конференцияда баяндама жасады.


Конференцияда бұлардан басқа да жас ғалым Айжан Әубәкірова «Ядролық мембраналардың механикалық құрамын зерттеу Қазақстандағы жаңаша жаңалықтарға бастайды» тақырыбында, ал Бауыржан Серіков «Жоғары сыныптарда оқу үдерісіне мобильдік қосымшаларды қолдану» бағытында баяндама жасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив