KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Қажылардың бірыңғай киім үлгісі белгіленді

10.05.2018, 11:46 176

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық қорының бастамасымен ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. Аталмыш байқау дизайнерлер арасында қажылардың жаңа киім үлгісі бойынша өткізілген еді. Байқауға 14 дизайнер қатысып, бақтарын сынаған болатын. Бұл туралы ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланып отыр.


Байқауда ұсынылған киім үлгілерінің ыстық мекенде ыңғайлы, әрі дизайны қазақи нақышта болуына көп көңіл бөлінген екен. Осы талаптарға толық сай келген «Абырой КЗ» фирмасының тіккен киім үлгісі бас жүлдеге ие болып отыр. Жеңімпазға Ұмра қажылығына тегін жолдама берілді.


Бұған дейін қажылыққа баратын қажылар әр түрлі киініп баратын. Енді бұл жағы бір ізге келтіріліп отыр. Ондағы мақсат – еліміздің ынтымағы мен бірлігін көрсету екен.


Алдағы уақытта қажылық фирмалар қажыларды үздік деп танылған үлгідегі киіммен қамтамасыз етуге тиіс.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив