KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Полиция қызметкерлерінің киім үлгісі өзгеретін болды

23.10.2018, 05:07 210

Ішкі істер органдарын жаңғырту шаралары аясында полиция қызметкерлерінің киім үлгісі де өзгереді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.


– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, полицейлердің қазіргі киім үлгісі ыңғайлылығы және сапасы жағынан заман талабына толық сәйкес келмейді. Жаңғырту аясында қызметкерлердің жаңа киім үлгісі енгізіледі. Бұл киім үлгісі күнделікті киюге қолайлы және қазіргі заман талабына сай болады, – деді департамент директоры.


Садубаевтың айтуынша, қазіргі уақытта министрлік отандық киім өндірушілердің әртүрлі ұсыныстарын қарастырып жатқан көрінеді.


Естеріңізге саламыз, осыған дейін біз Ішкі істер департаменттерінің атауы өзгеретіндігін хабарлаған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив