KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Елбасы Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады

6.05.2018, 07:45 85

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.


«Тартысты өткен жекпе-жекте сен өзіңнің спорттық шеберлігіңді тағы да дәлелдеп, чемпиондық атағыңды сенімді түрде қорғадың. Барлық қазақстандықтар сенің спорттағы зор жетістіктеріңді мақтан тұтады. Сен өзіңнің талантың мен еңбексүйгіштігіңнің, қарапайымдылығың мен баршаға сүйкімділігіңнің арқасында бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алдың. Осы қасиеттерің әрдайым бойыңнан табылып, жастарымыз үшін жарқын үлгі бола берсін», - делінген жеделхатта.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив