«Балалар ауылында» отыз түп шырша отырғызылды
«Балалар ауылың» тәрбиеленушілері Наурыз мерекесін тойлау барысында аулаларындағы жасыл желектің санын тағы да отыз түп шыршамен толықтырды. Жасыл қылқан жапырақты ағаштар Катонқарағай ұлттық паркінен арнайы жеткізілді.
Балалар ауылының аумағы жазда жасыл желек пен әртүрлі гүлдердің құшағына оралады. Алма мен шиенің де исі мүңкіп кетеді, өйткені бұл жерде алма және шие бақтары отырғызылған. Жалпы аумағы төрт жарым мың гектар алқапта жеті жарым мыңнан астам түп ағаш егілген.
-Бізде барлығы он жеті аллея бар. Мысалы, Катонқарағайдағы ұлттық парктің өз аллеясы жасалған, онда бұрын 82 шырша өсіп тұрса, бүгін, міне, парк қызметкерлері тағы елу түп әкеліп берді. Түлектердің, халықтар достығының, басқа да мекемелердің өз аллеялары орнатылған. Бұлардың барлығын балалардың өздері баптап, күтеді, суарады. Бұл тек экология мәселесі емес, жас жеткіншектердің бойында еңбек етуге талпыныс қалыптасады, - дейді мекеме директоры Аман Асқарұлы.
Оқушыларға қонаққа келгендердің барлығы да осы күні балаларға ескерткіш ретінде бір-бір түп ағаш салып кетуге тырысты.
Оқи отырыңыз