KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Семейде «Ұлы даланың дарындары» сайысқа түсті

17.04.2018, 05:44 250

Қаламызда «Үркер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала дарыны» атты Халықаралық өнер мен білім байқауында Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнерлі оқушылары өзгелерден оза шауып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.


6 мен 23 жас аралығындағы өнерлі жастардың басын біріктірген байқау Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған.


Байқау 2 күнге созылып, үміткерлер 10 аталым бойынша бақтарын сынады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын қорғаған 11 сынып оқушысы Ақбота Асқарбек пен 8 сынып оқушысы Тахмина Мәрлен «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша сынға түссе, 9 сынып оқушысы Дильназ Қапезова «Эстрадалық вокал» аталымында өнер көрсетті.


Халық әні «Дудар -ай»-ды нақышына келтіріп шырқаған Ақбота Асқарбек  1 –ші орынды жеңіп алды. Тахмина Мәрлен домбыраның өзін енді ғана үйреніп жүр. Соған қарамастан, қысқа уақыт ішінде ұстазы Қуаныш Ахметбекұлының қолдауымен домбыра тартуды үйреніп қана қоймай, өткен ғасыр басындағы қазақ зиялыларының бірі Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін орындап, жүлделі 2 –ші орынға ие болды. Үшінші үміткеріміз Дильназ Қапезова «Туған жер» әнімен «Эстрадалық вокал» номинациясында 2 –ші орынға қол жеткізді.


Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан берілген тиісті алтын, күміс медальдарымен бірге дипломдарға ие болды. Сонымен бірге дарынды оқушылардың танылуына жол ашқан ұстаздары Қуаныш Ахметбекұлы мен Руслан Касенов «Үздік жетекші» аталымдарын иеленді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив