Ақжар ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысы осы күзде аяқталмақ
Тарабағатай ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов Ақжар ауылындағы ауданаралық аурухананың қызметімен танысып, салынып жатқан 600 орындық орта мектеп пен 300 орындық интернаттың құрылыс барысын бағамдады. Оқу орны 1 қыркүйекке дейін толық салынып бітуі тиіс.
[su_slider source="media: 28503,28502,28501"]
-Білім басқармасы осы мектепке нақты қандай құрал-жабдықтар қажет екенін тиянақтау керек. Құрылғылар ең жаңа әрі Назарбаев зияткерлік мектебіндегідей болуы шарт. Тиісті қаражат бөлінеді, - деп тапсырған облыс әкімі асығыстық пен салғыртыққа бой алдырмай, құрылыстың сапасына мән беруді де ескертіп өтті.
Аймақ басшысы келесі кезекте аудандағы су құбырларының құрылысы туралы толық мәлімет алып, жергілікті Өнер мектебіндегі дарынды балалардың шығармашылығымен танысты.
[su_slider source="media: 28500,28504,28506,28507,28508,28509"]
Оқи отырыңыз