KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қандастарға құқықтық көмек көрсету бойынша кеңес өтті

4.11.2024, 13:30 43 Төлеуғазы Жансая

Өңірге қоныс аударған қандастар көші-қон және азаматтық алу мәселелеріне байланысты сұрақтарын жауапты мекеме өкілдеріне тікелей қою мүмкіндігіне ие болды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Отандастар» қоры мен Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен өткен кеңесте қандастарға құқықтық көмек көрсетудің маңызды мәселелері талқыланды.

– Соңғы жарты жылда көшіп келген қандастарға құқықтық түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Көші-қон, азаматтық алу, білім, денсаулық сақтау, жер телімін алу, кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты сұрақтарға арнайы мамандар жауап берді. Біз қандастарға осындай құқықтық түсіндірме жұмыстарын жылына үш рет ұйымдастырамыз. Биыл бұл үшінші кездесу, – деп атап өтті «Отандастар» қорының төрағасы Әскерхан Ақтай.

Жиынға Өскемен қаласы, Глубокое және Ұлан аудандарында тұратын қандастар арнайы келді. Алыстағы өңірлерде тұратын қандастар болса, өз сұрақтарын WhatsApp арқылы жолдады.


Ақерке Рағызбаева
Видео: Ермек Жиенбеков
Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу