KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру тәртібі түсіндірілді

Gov.kz

5.11.2024, 11:00 112 Төлеуғазы Жансая

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру мәселесіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан көп сұрақтар түсіп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету және жалақыға үстемеақы қосу тек бюджет қаражатын үнемдеу арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз, делінген ҚР Қаржы министрлігі ақпаратында.

Қаулыда үнемделген қаражат есебінен сыйақы беру мүмкіндігі бар шығыстар тізбесі көрсетілген. Мысалы, іссапарлар, коммуналдық және көлік қызметтері, байланыс қызметтері, жалға алу сияқты шығыстардан үнемделген жағдайда ғана сыйақы төленеді. Қазіргі уақытта аталған қаулы мен басқа да заңнамалық актілерде сыйақы беруді шектейтін өзгерістер жоқ, сондықтан мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеуге заңнамалық тұрғыда тыйым салынбайды.

Қаржы министрлігі өз хабарламасында Үкімет қаулысының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Бұл қаулы бағдарламалық әкімшілерге бюджеттік қаражатты белгіленген тізімнен тыс мақсаттарға жұмсауға жол бермеу міндетін жүктейді. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан және мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу