KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
441.66 475.14 4.86

Үржар ауданында суға кеткен қойшының денесі табылды

11.04.2018, 07:12 206

Үржар ауданында суға кеткен 56 жастағы ер адамның денесін іздеу тоқтатылды. Қойшының мүрдесі құлаған  жерінен бір жарым шақырым қашықтықтан табылды.


Болжам бойынша, қойшы Қаракөл өзенінен аттың үстінде отырып өтпек болған. Алайда ағынды су жануарды аяғынан тайдырған болу керек, адам суға құлаған. Қойшының үстіндегі киімі қалың болғандықтан, оның судан босап шығуы қиынға соққан. Ер адамның жоғалып кеткені туралы туыстары хабарлап, дабыл қағады. Олар жергілікті құтқарушы және полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздегенімен, ешқандай нәтиже шықпапты.


Сол себепті іздеу жұмыстарына облыс орталығындағы Шығыс аймақтық аэромобильді шұғыл құтқару отрядының сүңгуір құтқарушылары тартылды. Сүңгуірлер күні бойы іздеп, қойшының денесін кешке қарай құлаған жерінен бір жарым шақырым қашықтықтан алып шықты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив