KZ
Өскемен
+14°
пасмурно Штиль
443.44 480.51 4.88

ШҚО тұрғыны 10 жастағы ұлын құтқарамын деп суға ағып кетті

16.07.2018, 06:28 171

«Есіл талды су, Ертіс қанды су» деген сөздің рас болғаны ма?! ШҚО-да адамдардың суға кетуі тоқтайтын емес. Ертіспен салалас үлкенді-кішілі өзендер бірінен соң бірі қайғылы жағдайға себепкер болуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осыдан екі-үш күн бұрын Глубокое ауданына қарасты Карагужиха ауылында ұлын құтқарамын деген әке суға ақты. Жағдай былай болған: әкесі он жасар ұлымен демалып жатқан. Ұлын тау суына түсіргісі келген көрінеді. Алайда балақай батып кете жаздағанда, жалғыз әке жанұшырып ұмтылған. Ұлын құтқарса да, Үбенің (Уба) асау толқыны жар бермесе керек.


– Іздеу операциясы су шамамен 10 см төмендегенше екі-үш күнге жалғасты. Оқиға орнынан 25 шақырым жерден батып кеткен ер адамның денесі табылды, – дейді 2-ші құтқару отрядының басшысы Валерий Лытарь.


Осы уақытта 5-ші құтқару отряды тағы бір ер адамның денесін үш метрлік тереңнен тапқан еді. Бұл – Опытное поле маңында болған. Екі-үш жолдас бас қосып, тостақ қағыстырған. Масайған жігіт досының қарсылығына қарамай, судан жүзіп өтпек болған. Алайда жағадан үш метр ұзағанда ағысқа жасырынып қала берген.


– Біздің құтқару отрядына сигнал келіп түскеннен екі сағат өткенде суға кеткен ер адамның денесін жағаға шығардық, – дейді 5-ші құтқару отрядының басшысы Амангелді Капанов.


Шемонаиха ауданында №28 өрт қызметкерлері 47 жастағы әйелдің денесін Бояринов аралына алып шықты. Ол тападай-тал түсте мас күйі суға түскен екен.


ШҚО ТЖД:


– Азаматтар, суға түсу ережелерін қатаң сақтаңыздар! Құтқару посттары қойылған, керек-жарақпен жасақталған, суы тым терең емес, ағынды емес жерлерде шомылуға кеңес береміз. Ішімдікке мас болып, суға түспеңіздер, – деп өтініш айтып отыр халыққа.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив