Көкпектіліктер Зырян ауданына гуманитарлық көмек жіберді
Көкпектіліктер су тасқынынан зардап шеккен Зырян ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл қайырымдылық шарасын аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов бастап барды. Ауданнан аттанған көштің сапында кəсіпкерлер палатасының директоры Әлия Мұқашева мен аудан əкімінің орынбасары Дəурен Қойгелдин болды.
Тасқыннан зардап шеккен зыряндықтарға гуманитарлық көмек ретінде азық түлік пен киім-кешектер ұсынылды. Бұдан бөлек бір миллион теңге қаражат табысталған екен.
– «Көп түкірсе, көл болар» деген қағиданы берік ұстанған көкпектілік кәсіпкерлер мен басқа да мекемелердің қызметкерлері қайырымдылық шарасына бір кісідей атсалысты, - дейді Марат Теміржанов.
Оқи отырыңыз