Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті
Жол көлік оқиғасы Тәуелсіздік даңғылында, Коменданка өзенінен өтетін көпірге шыға бергенде орын алған. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Қазір оқиға орынында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
- Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Өскемен қаласының ІІБ баспасөз хатшысы Әсел Әмренова. – Оқиға туралы мәліметтерді тергеушілер анықтайды.
Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз