Өскемендіктер мен қала қонақтары Наурызды қалай тойлайды?
Наурыз табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, достық пен махаббаттың бастауымен бірге келеді. Бұл мереке ұлттарды, қала, тіпті, елді біріктіреді. Әр адам Наурызды қалай тойлайды екен?
-Біз волейболшылармыз, Павлодар қаласынан келдік, - дейді Володя мен Марк. – Әрине, Наурызды тойлаймыз! Бұл күні демаламыз: отбасымызбен жиналып, мерекелік қонақасын ішеміз. Ал 23 наурыз күні жаттығуға ораламыз.
-Балаларым қонаққа келеді, қонақасын беремін, - деді Изольда. – Ұлттық нақышта, қазақи болмаса да, бірақ тойлаймыз, өйткені біз Қазақстанда тұрамыз ғой!
-Біз достарымызбен Наурызды тойламаймыз, бірақ демалыс күндеріне әрқашан қуаныштымыз, - дейді Мерхат.
-Наурыз – біздің ұлттық мейрамымыз, біздің Жаңа жылымыз, - дейді студент Шах Мұхаммед Азиз. – Бұл күні біз бір-бірімізге қонаққа барамыз, дәмді наурыз көже әзірлейміз. Қазақтар – өте қонақжай халық.
-Отбасымен жиналып, наурыз көже әзірлейміз, - дейді Айнұр мен Нұргүл. – Көршілер қонаққа келеді, біз де оларды құттықтап барамыз.
Оқи отырыңыз