KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Мұқым Еуропа қазағы Гамбургте жиылып Наурызды тойлайды

18.03.2019, 09:34 200

Еуропадағы қазақтар наурыз мейрамын тойлауды дәстүрге айналдырған. Бөлек ортада жүрсе де туған тіл мен дәстүрге деген құрметтері ерекше, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Нұр.кз сайтына сілтеме беріп.

 

Тұран Альпер Германияда Кельн қаласында туып өскен. Бүгінде 53 жаста. Ford зауытында қызмет істейді. Екі баласы бар. Оның әке-шешесі 1930 жылы Шығыс Түркістаннан Түркияға, сосын осы алман еліне көшіп келіпті.

 

Айтуынша, өзінің қаласында 150 қазақ шаңырағы бар екен. Олар наурызда бір шаңырақ астына жиылып, мейрамды атап өтеді. Сондай-ақ Құрбан айт, Ораза мейрамдарын да қалыс қалдырмайды. Бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Ұлттық тағамдарды дайындап, салт-дәстүрмен өзге ұлттарды таныстырады.

 

Биыл наурыз мейрамы тіпті ерекше, Гамбург қаласында тойланады. Оған Еуропаның түкпір-түкпіріндегі қазақтар жиналмақ екен. Іс-шараның басы-қасында жүрген Ертолқын Ғайнидың айтысынша, әлеуметтік желілер арқылы мұқым еуропа қазағына сауын айтылып жатыр екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу