KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Польшадан жеңіспен оралған қаршадай қыз

6.03.2018, 08:39 151

Көкпектілік  мектеп оқушысы Ясмин Гусейнова 23-26 ақпан аралығында  Польшада өткен XIV-ші  халықаралық «Music Islands  Open» конкурс-байқауының 1-ші дәрежелі лауреаты атанды. Ясмин конкурстың халық аспаптары аталымында  домбырада жеке шығарма орындап, жеңіске жетті. Бүкіл аудан қаршадай қыз үшін жанкүйерлік танытып, асыға күткен еді. Әсіресе музыкадан дәріс берген ұстазы Әли Жанғасинов та Ясмин үшін ерекше алаңдап, сүйінші ақпаратты қуана қабылдады. Ясмин болса өзінің шет елдегі алғашқы шығармашылық қадамын ерекше толқыныспен еске алды.


–Шынымды айтсам өте қатты толқыдым. Сахнаға шыққанда  бәрі өзгеше болды,өйткені ол жердегі тыңдармандар мүлдем басқа ғой.  Дегенмен домбыраның пернесін тарта бастағанда барлығы басылып, музыкадан басқа ештеме ойламадым,-дейді Ясмин.


Ясминнің өнері жиналғандарды таң қалдырып, үлкен қошемет көрсетілді. Жеткіншек өнерпаздың айтуынша, ол өзінің жеңімпаз атанғанына әрең сенген.Өнер додасынан соң Ясмин өзге де замандастарымен бірге  Польшаның байқау өткен Волин аралын аралап шықты.Тіпті көршілес Германияны да көріп қайтты.


Осылайша Ясминнің шет елге алғашқы сапары үлкен жетістікпен аяқталды. Бұрынырақ өнерлі  оқушы еліміздегі бірнеше байқауларда жүлделі орындарға ие болған.  Қазір Ясмин оқуына көп көңіл бөліп,  музыкалық қабілетін де шыңдай түсуге ниетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив