KZ
Өскемен
+8°
туман Штиль
478.89 528.74 5.29

Ойын алаңдары орнатылып жатыр

20.08.2012, 18:00 151


Бұл күндері Курчатов қаласының аулаларындағы балалар ойнайтын алаңдар адам танымастай өзгерген. Олар жөнделіп, боялып, соңғы үлгідегі ойын құралдарымен жабдықталу үстінде.

Мұны көрген ата-аналар мен балалардың қуаныштарында шек жоқ. Қала мектептерінде жасанды көгалы бар спорт алаңдары жасалуда. Жергілікті кәсіпкер Сайлаубек Тұрсынхановтың демеушілігімен жақында «Ясмин» атты балалар алаңы ашылды, бүгінде оған келушілердің қатары жетіп артылады. Абай көшесіндегі 17-үйде алғаш рет кешенді аула алаңы ашылды. Алдағы уақытта осындай тағы бес ойын алаңын салу жоспарланып отыр.

Ойын алаңдары шағын қалаларды дамыту бағдарламасының аясында салынуда. Олар тек жазда ғана емес, жыл он екі ай халыққа толы болмақ.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив