KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Махамбеттің күйлерін күмбірлеткен бесқарағайлық оқушы жүлдегер атанды

9.10.2013, 18:00 188


Атырау қаласында жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары арасында ІV республикалық Махамбет оқулары байқауы өтті. Бұл өнер сайысында облыс намысын қорғаған бесқарағайлық жас дарын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық кезеңде жеңімпаз атанған Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка орта мектебінің 8-сынып оқушысы Дастан Казкенов Махамбет күйлерін нақышына келтіре орындап екінші орынды иеленді.

Өнерге төрелік еткен қазылар алқасы оның орындаушылық шеберлігін жоғары бағалады. Бұл ретте Дастанның жетекшісі, аудандық «Өнер» мектебінің ұстазы Ернат Мотышевтің еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив