KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Аршатыда анаконда қайдан жүр?

2.03.2018, 11:44 220

Міне қызық. Әлеуметтік желіні шулатқан алып жыланның суреті бізді де елең еткізді.

Он адам көтеріп тұрған жыланның суретіне бірі таңғалып қараса, енді бірі «фотошоп» деп жоққа шығарды. Алайда әлеуметтік желіде «бұл жылан Катонқарағай ауданы, Аршаты ауылының маңынан табылды» деген ақпарат тарады. Бір ойлап қарасақ, шекараға таяу жатқан ауылға алып жылан өзенмен де ағып келуі мүмкін деген ой жылт етті. Бірақ қыстың күні Амазонканы мекендейтін жылан Аршатыда қайдан жүр? Санаға сыймайды.

Сөйтсек, алып жылан қолдан жасалған екен. Қырғызстанда тұратын 28 жасар шебердің туындысы. «Zhambylnews.kz» сайтындағы мәлімметтерге сүйенсек, Қарақол ауылының Тоқтобек Өскөнұлы есімді ұстасы 6,5 метрлік жыланды бір ай уақыт ішінде ағаштан жасап шығыпты. Алғашқы туындысы болғанмен, өте нанымды жасалған. Тіпті «WhatsApp» арқылы тарап, жұртты дүрліктірді. Ойларын сан-саққа жүгіртті.

Бәсе дейміз, көктем шыққанымен қар көбесі сөгілмеген Аршатыда алып жылан қайдан жүрсін?!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив