KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Болашақ бағдарламашылар байқауы

1.03.2018, 07:28 174

Қазақстан-Американдық еркін университетінде ІТ-технология саласының жас таланттары, яғни өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беруші оқу орындарының студенттері арасында олимпиада болды. «Coding Skills» деп аталған бұл байқау «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде өтті.


– Білім ордалары оқу базасын жаңартып жатқанымен де, ол технологияның қарқынына ілесе алмауда. Біз мұндай жарыстарды ұйымдастыру арқылы, жекелеген дарынды жастарды табуды мақсат тұтып отырмыз, – деді ұйымдастырушы тараптың өкілі, аталмыш оқу орынның бизнес кафедрасының аға оқытушысы Азамат Бердібекұлы.

Айта кетейік, бұл олимпиадаға 16 студент қатысты. Солардың бірі – Алена Старостина.


– Мен политехникалық колледжде бағдарламашы мамандығында оқимын. Осы істі сүйіп таңдадым. Заман талабына сай кәсіп қой. Бағдарламашыларға арналған осындай жарыстардың жиі болып тұрғандығын қалаймын. Додаға түсу арқылы шыңдаламыз, – деді ол.

Белгіленген уақыт ішінде сайыскерлер бес түрлі тапсырма орындады. Нәтижесінде үшінші орынды Олжас Апаев (Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж), екінші орынды Владислав Богачев (Политехникалық колледж), бірінші орынды Евгений Троценко (Экономика және қаржы колледжі) иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив