KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 3,3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Өскеменде IT мамандықтар тереңдетіп оқытылатын болды

22.06.2018, 12:25 204

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Өскемен политехникалық колледжі базасында тұрғындарды IT –технология мамандықтары бойынша даярлау және қайта даярлауға бағытталған IT-орталығы ашылды. Осыған орай аталмыш орталықтың ашылуы мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту туралы брифинг өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов қатысқан шарада IT-орталықтың маңыздылығы мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі таңдағы даму барысы, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының жаңа әлеуметтік жобалары кеңінен сөз болды.


Аталған орталықта бағдарламалау негіздері, веб-дизайн, бұйымдарды жобалаудағы компьютерлік құрастыру технологиясы, микроконтроль негізінде автономды роботтарды бағдарламалау және құрастыруды тереңдетіп оқытады.


Іс-шара аясында облыстық білім беру басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен Өскемен политехникалық колледжі арасында тұрғындарды IT – технология мамандықтары бойынша даярлау және қайта даярлауға бағытталған үш жақты ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив