KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3,2 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Трамвай паркінің мүлкі саудаға шығарылды

23.02.2018, 08:49 207

Өскемендегі трамвай паркінің мүлкі саудаға шығарылады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде мәлімдеді.


Аймақ басшысының айтуынша, облыстық әкімдік кәсіпорынның мүлкін сатып алу рәсіміне қатысатын болады. Даниал Кенжетайұлы, сонымен қатар трамвай паркінің мәселесі өте күрделі екенін айтып, кәсіпорынның «Шығысэнерготрейд» ЖШС мен салық органдары алдындағы қарызы шамамен 600 миллион теңгені құрағанын жеткізді.


– Банк трамвай паркінің мүлкін саудаға шығарылмақ. Қазір бізде трамвай маршруттарын алмастыра алатын автобустарымыз жетерлік. Біз сауда-саттыққа міндетті түрде қатысатын боламыз. Болашақта облыс орталағында жаңа трамвай паркі пайда болады. Вагондар да жаңартылмақ. Себебі, қазіргі вагондар әбден ескірген, пайдалануға келмейді, – деді облыс әкімі.

Естеріңізге салайық, Өскемендегі трамвай паркі төңірегіндегі жанжалдың басылмай тұрғанына осымен біраз жыл болды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив