KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Атаулы әлеуметтік көмекке 38 миллион теңге бөлінді

20.02.2018, 08:44 103

Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмек алушылармен жұмыс бөліміне 2018 жылға осы мақсаттарға 38 миллион теңге бөлінген. Бөлім басшысы Азамат Сейітханұлының берген деректеріне сүйенсек,  ақпан айында 133 отбасына немесе 580 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Қаңтарда 98 отбасынан 420 адамға берілген. 


-Қараша-желтоқсан айларында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп, біз атаулы әлеуметтік көмек алатындардың тізімін алдын ала болжаған едік. Биыл 360 отбасынан 1200 адам ілініп тұр әзірге. Тұтынушылар күнделікті келіп жатыр. Қазір кісі аяғы саябырлады. Қаңтар айында күніне 30-40 адам қабылдаған кездеріміз де болды. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін республикалық бюджеттен 27 миллион, жергілікті қоржыннан 11 миллион теңге бөлінген, - деп түсіндірді бөлім басшысы.

Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың ішінде шартты да, шартсыз да алатындар бар. Олар тоқсан сайын құжаттарын жаңалап өткізіп отыруға тиіс. Сол себепті әр тоқсанның басында орталықтың жұмысы қыза түседі. Тұрғындарға бес маман қызмет көрсетеді. Тұтынушылардың пікіріне құлақ салсақ, олардың барлығы жас болса да жұмыстарына тиянақты, ұқыпты екен.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив