Атаулы әлеуметтік көмекте қандай өзгерістер бар?
Облыс орталығы Өскемен қаласынан келген «Әлеуметтік экспресс» ұтқыр тобының өкілдері Семей қаласына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. 2018 жылдан тастап атаулы әлеуметтік жәрдемақыларда өзгерістер орын алмақ. Семей өңірі көмектің осы түрін көп қолданатын бірден-бір қала екен. Сондықтан да, Өскемен қаласынан келген ұтқыр топ мүшелері семейліктерге ақпаратты молынан неғұрлым беруге тырысып, ат арылтып келіпті.
-2015 жылдың 28 қазанынан бастап Атаулы әлеуметтік көмектің жаңаша өзгерістері туралы Заң қабылданды,-деді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Райхан Барлықова,-бұл осыдан үш жыл бұрын орын алған біршама өзгерістер еді. Осы үш жыл ішінде жаңа өзгерістерді тәжірибеге енгізу бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл атаулы көмектің жаңадан ойлап табылған түрі емес. Бізде Атаулы көмек 2002 жылдан бастап төленіп келе жатыр. Яғни жаңа заңнамадан бөлекше түрі. Бұрын АӘК қалай төленгендігін білесіздер, мәселен, отбасының кірісі есептелетін, егер кіріс өмір сүру деңгейінен 40 пайыз аспаса, біздің мекеме Атаулы әлеуметтік көмекті төлейтін. Жаңа жүйеде бұл сәл өзгереді. Біріншіден, Атаулы әлеуеметтік көмектің көлемі көбейеді. Егер ортақы кіріс 50 пайыздан аспаса, біз ол отбасына АӘК төлейміз.
Өскеменнен келген «Әлеуметтік экспресс» түсіндіруші ұтқыр топ мүшелерінің хабарлауынша, Қазақстанда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы тағайындау рәсімін едәуір жеңілдетіп, оны алушылардың барлығын мейлінше қамтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бұдан біраз ғана бұрын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеген екен. Яғни, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) қазіргі қолданыстағы жәрдемақылардың үш түрін алмастырады, осылайша жәрдемақыны алуға қажетті құжаттардың санын айтарлықтай қысқартады. АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке бөлінген.
Мысалы, Шартсыз көмек еңбекке жарамды мүшелері жоқ барлық отбасыларға, мысалы, мүгедектер немесе зейнеткерлер отбасыларына немесе еңбекке жарамды мүшелері дәлелді себептер бойынша жұмысқа араласа алмайтын отбасыларға, мысалға, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты аналарға беріледі. Осындай отбасыларға жәрдемақыны алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Сондай-ақ, Шартты ақшалай көмек отбасында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасылар үшін. Онда жанұя әлеуметтік келісімшартқа қол қойып, содан кейін ғана отбасының еңбекке жарамды барлық мүшесі (егер еңбеккке жарамды мүшесі бар болса) жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан кезде беріледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, әлеуметтік көмек жүйесіндегі реформа нәтижесінде жаңа форматтағы АӘК-тің әрбір алушысы үшін жәрдемақы сомасы 2018 жылы орташа есеппен 25 пайызға ұлғайтылады.Әлеуметтік көмек алу ережелеріне енгізілген өзгерістерге халықты дайындау үшін еліміздің үш өңірінде 2014 жылдан бастап пилоттық режимде «Өрлеу» жобасы іске асырылған. Бағдарламаға шамамен 79 мың азамат қатысқан, олардың 19 мыңға жуығы еңбекпен қамтылған.
-Енді Арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы түсіндірейік,-деді ұтқыр топ мүшелері,-2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, отбасыларында төртінші бала туған кезде АМЖ төленбейді. Бірақ, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жәрдемақының осы түрін алып келгендер арығарай да ала береді. Бірақ, төртінші баланы өмірге әкелген жанұя енді бұдан былай Арнайы әлеуметтік көмекті қалай алады, оны біздің кеңесшілеріміз арқылы білуі керек.
Заңнамадағы өзгерістер бойынша әрине, отбасының барлық мүшелері еңбекке жарамды ма, сол жағы да ескерілетін болады. Райхан Барлықованың айтуынша, АӘК келесі жылдан бастап отбасыларға кешенді көмек ретінде қарастырылмақ. АЕК бұл қаржылай көмек беруі өз алдына, уақытша болса да отбасы мүшелерін жұмысқа кіргізу, қоғамда да осындай отбасылардың өмір сүріп, тіршілік кешулеріне мейлінше мүмкіндік жасау.
Отбасынының жағдайы ерекше назарға алынады.
Көмектің жанұяға арналған бұл түріне кез келген әлеуметтік көмек жатады. Мәселен, отбасына арналған бір реттік көмек, немесе жанұяда мүгедек жан бар болса, арнайы әлеуметтік көмектің түрлері ұсынылады. Сондай-ақ, жағдайы төмен отбасындағы аяғы ауыр әйелдерді есепке қою, балаларын балабақша кезегіне қоюға көмектесу сияқты көптеген мемлекет тарапынан берілетін жәрдемдер. Жаңа жылдан бастап, шартсыз көмек және шартты ақшалай болып екіге бөлінетін болды деп жоғарыда айттық. Мамандардың айтуынша, отбасының жағдайы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, заңнамалық өзгерістерге орай толық қарастырылатын болмақ. Иә, отбасы мүшелері еңбеккке жарамды делік, бірақ та ол отбасында 7 жасқа дейінгі баланы қарайтын немесе мүгедек баланы қарап отырған, яки жанұяда мүгедек жанды күтіп отырғандар әрине, жұмысқа шыға алмайтыны анық. Осындай отбасыларға шартсыз көмектер көрсетілмек. Бұл осы уақытқа дейін төленіп келген әлеуемттік көмектің өзі. Сондықтан да, мүгедек баланы күтіп, қарап отырған анасы әр тоқсан сайын өз құжаттарын растатып отырады, нәтижесінде әр ай сайын өзіне және балаларына әлеуметтік көмек ала алады екен. Ал шартты ақшалай көмекке келсек, онда отбасының барлық мүшелері еңбек қамтудың барлық саласына араластырылуы керек. Жатар тәжірибесі, қайтадан оқыту, отбасына басқа да жәрдем түрлері. Егер отбасында еңбекке жарамды мүшесі бекітілген келісімшартты орындамаса, заңнама бойынша айыппұл төлейді. «Әлеуметтік экспресс» тобындағыларының айтуынша, ең алдымен отбасылармен әлеуемттік келісімшарт бекітіледі. Сөйтіп, оларға әлеуметтік бейімделу, атаулы көмекті төлеу сияқты жәрдемдер беріледі. Және отбасындағы еңбекке жарамды мүшелерден де еңбекке араласатындығы жөнінде уәде алынады. Сөйтіп, олар атаулы әлеуемттік көмек ала отырып, келісімшартта бекітілген мәселелерді толық орындауға тырысады. АӘК тағайындау үшін енді Жұмыспен қамту орталығына барып, сол жерде ақпарат-кеңес алып, құжаттарын бекітеді. Отбасына қанша көмек керек, соның бәрі заңнама аясында бектіліп, реттеледі.
Жағымды жаңалықтар халыққа насихатталады.
Келер жылдан бастап, отбасына үнемі көмектесуді қолға аламыз,-деді Райхн Барлықова,-2014 жылдан бстап, «Өрлеу» қанатқақты жобасы қолға алынғандығын білесіздер. Биыл қаңтардың 1-інен бастап, біз бұл жобаны аяқтап, АӘК-нің жаңа бағытына көшеміз. Міне, осы жоба барысында кеңес беруші көмекшілер жұмысқа алынады. Бізде олар жаңа жылдан бастап, штаттық қызметте болады. 2014 жылдан бастап, «Өрлеу» бойынша жұмыс істеп келе жатқанда енді АӘК бойынша халықты ақпараттандырып, кеңес беруге жұмыла кіріспек. Министрлігіміз біздің облыс бойынша осы кеңес беруші амандығы үшін қосымша штаттар беріп отыр. Бұл 197 ассистент және 21 кеңесші. Семей бойынша 2 кеңесші жұмыс істемек. Олар халық арасында үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта болып жатқан жақсы, жағымды жаңалықтарды халыққа түсіндіріп отырғанымыз жөн. Біз қазір халық қолданып жүрген көмек, жәрдемдерді алып тастамаймыз, біз тек оларды біріктіреміз. Бұл туралы әрине, көптеген сұрақтар болуы мүмкін, бірақ, олардың барлығына осы кеңесшілер мен ассистенттер жауап береді. Әрине, кіріс табысы бар кейбір отбасылар бұл жобаға кірмей қалуы мүмкін. Олар үй шаруашылығын жүргізуге орай АӘК-ге кіруі мүмкін. Үйде қанша адам тұрып жатыр, соның барлығының табысы есепке алынады. Апасы, атасы, мүгедек ағасы болса, олардың барлығы бір үйде тұрып жатса, шаруашылықтары бар болса, әрине, бұл олардың ортақ кіріс табысына жатады. Осылайша алдағы уақытта барлығы нақты анықталады.
Соынмен не себепті жәрдемақылардың үш түрі біріктірілді деген сұраққа жауап берейік, деді «Әлеуметтік экспресс» ұтқыр тобының мүшелері. Зерттеу барысында байқағанымыздай үш түрлі көмекті осыған дейін бір отбасы мүшелері алып келген фактілер де кездескен.