Актерлер ашық сабақ өткізеді
Семейдегі Абай, Ф.Достоевский және «Дариға-ай» театрының шығармашылық ұжымдары жастар аудиториясымен жұмыс істеудің жаңа форматын ойлап тапты.
Енді семейлік жастар әр сенбі сайын ашық театр сабақтарына қатысып, өнерлерін ортаға сала алады. Осы орайда, ашық театр сабақтарын Абай, Ф.Достоевский және «Дариға-ай» театрларының қызметкерлері кезектесіп өткізетінін айта кеткен орынды. Алғашқы ашық сабаққа №35 мектептің оқушылары қатысты. Оларға Ф.Достоевский орыс драма театрының директоры Яков Горельников пен актерлері шеберлік сыныптарын өткізді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылып жатқан бұл сабаққа болашағын өнер жолымен байланыстыратын жасөспірімдер де қатысуда.