Қарағайлыда 200 орындық балалар ауруханасының құрылысы басталады
«Қарағайлы» Семейдің ең көрікті аудандарының бір болмақ. Ол жерде 200 орындық балалар ауруханасы салынатындығын қала әкімі Ермак Сәлімов хабардар етті. Бұл бағытта «Қарағайлы» шағын ауданынан арнайы жер телімі де беріліпті.
-Бұл жобаның құны – 16 миллиард теңге,-деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы,-мемлекет тарапынан инфрақұрылым салынады. Бірақ, ғимаратты жеке кәсіпкер өз қаражатына тұрғызбақшы. Бүгінде мемлекет пен жекеменшік әріптестігі нығайып келеді. Бұл соның бір көрінісі.
Жаңадан балалар ауруханасының керектігі халық көкейінде жүрген мәселе еді. Инвесторлардың әлеуметтік салаға қызығушылығы ерекше болғандықтан осы жоба қолға алыныпты. Қала әкімдігі жобаны тұрғындардың өтінішіне орай жүзеге асыратындығына сенімді.
Оқи отырыңыз