Өскемен май зауытындағы комиссия жұмысы аяқталды
Қазандық құрылғысындағы ақаулық,жұмыс барысын ұйымдастырудағы салғырттық және техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы. Зауытта жарылыс себебін анықтауға байланысты құрылған комиссия жұмысының қорытындысында осындай нәтижелер жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, май зауытында бу құбырының жарылуынан екі жұмысшыны күйік шалған еді. Олардың бірі мерт болды. Төтенше оқиғаның бу қазандығындағы ақаулықтан болғандығы белгілі болды. Зауыт басшылығы құрылғыны дер кезінде техникалық тексеруден өткізбеген.
–Зардап шегушілер тарабынан да кінә жоқ деуге болмайды, олар қазандық машинистерінің қауіпсіздік бойынша нұсқауларын сақтамаған, дәл сол нұсаулықтарда апаттық жағайдағы қимыл-әрекеттер мұқият баяндалған. Жұмысшылар қысым мен су деңгейі көтерілген сәтте тиісті шараларды жасау керек еді. Алайда коллектордағы қысым шектік мөлшерге бірақ жеткен,-деді ШҚО Индустралдық өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті департамент бөлімінің басшысы Равиль Болатқан.
Дегенмен де адам өліміне әкеп соққан апаттың шығуына негізі кінәлі ретінде май зауытының директоры Илья Батов саналып отыр. Қазір комиссияның қорытынды жұмыстары тергеу комитетіне жіберілді. Құқық қорғау органдары кінәлі тарапты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды.