KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Демалысты бөліп алудың тәртібі қалай?

13.01.2018, 08:07 244


– Еңбек шартына сәйкес демалысты бөліп алуға болатынын білеміз. Ал бір бөлігі 14 күннен кем болмауы керек екендігі қаншалықты заңды?

Ринат Ахметсайынов, Көкпекті ауданы.


Сауалға «ШҚО кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің заң мәселелері жөніндегі бас маманы Батырбек Нұрпейісов жауап береді:


– Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.


Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Жалпы, ереже бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы еліміздің еңбек заңнамасымен қарастырылған мерзімі шегінде бір рет толығымен беріледі.


Көрсетілген демалысты бөліктерге бөлгенде: бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив