Ерікті жасақ құрылды
Самар ауылында ерікті халық жасағы құрылды. Осыдан бастап ауыл тұрғындары жергілікті полиция қызметкерлеріне ұсақ-түйек қылмыстардың бетін ашуға көмектесетін болады.
Самар ауылдық округіндегі әкімдік қызметкері Ерназар Сауықовтың айтуынша, басты мақсат – ауылдағы тәртіпті қадағалап, заң бұзушылықтардың алдын алу.
– Ерікті халық жасақтарын қайта жандандыру - тиімді шара. Полиция қызметкерлері қоғамдық көмекшілермен бірлесе елді мекен көшелерін қадағалайды, ал арнайы студенттік отрядтардың күшімен жастар арасында құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу шаралары жүргізіледі, - дейді Ерназар Сауықов.
Оқи отырыңыз