KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Семейге келді

10.01.2018, 12:35 209

Семейге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ольга Шишигина, Евгений Козлов және ҚР Парламенті мәжілісінің экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Шавхат Өтемісовтер қаладағы «Нұр Отан» партиясы филиалында партия төрағасының орынбасары Зульфия Жамалтдиновамен, мәслихат депутаттары  және «Теплокомммунэнерго» сияқты көптеген коммуналды шаруашылық басшыларымен, жергілікті кәсіпорын директорларымен жүздесті.  Жиналыс барысында Шавхат Өтемісов қатысушыларға былай деп сауал тастады:


-«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы берілуге толық мүмкіндігі бар деуге болатын 120 пәтер Семейде бос тұр екен. Астанада бұндай жеңілдікпен берілетін үйлерге кезек қалың. Неге Семейде жағдай басқаша?


Шавхат Әнесұлының бұл сұрағына жауап берген депутаттар қала тұрғындарының жетімсіз жалақысын, күн көріс деңгейінің біраз төмендігін алға тартты. Мәселен, қалалық мәслихат хатшысы Бейсембек Ақжаловтың айтуынша, банкке қажетті алғашқы 30 пайыздық жарна жинауға халықтың жалақысы жетіспейді екен. Қалада ірі кәсіпорындар жоқтың қасы. Ал барлары орташа деңгейлі,сондықтан тұрғындар өздерінің қолдан келетін кәсіптерімен күн көреді. Осыған орай, банктерден алғашқы жарнаны 10-15 пайызға төмендетуді сұрадық, деді Бейсембек Ақжалов. Шавхат Өтемісов «Самрұқ-Қазына» жүйесі бойынша, алдымен жалға алу, содан кейін сатып алу туралы да айтты.


-90 мың теңге алады деген мемлекеттік қызметкерлер, бұл жүйе бойынша айына 60 мың теңге төлей алмайды. Семейде орташа жалақы «100 мың теңге» деп тырнақшаның ішінде ғана айтуға болады, тырнақша дегеніміз, яғни бұндай жалақыға екінің бір қол жеткізе бермейді деген сөз,-деді Силикат зауытының директоры Борис Адаианов,-сондықтан да бізде тұрғын үй құрылысына орай мемлекеттік бағдарламалар сүрініп-қабынып орындалады. Бұл Семейдегі ғана жағдай емес, Орал, Қостанай, Атырау, Петропавловскідегі де көрініс. Біз ол қалалармен тығыз байланыстамыз. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тек  Астана, Алматы, Шымкент қана алдыда келеді.

Борис Адиановтың сөзін мақұлдаған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары партия атына хат жазып, көтерілген мәселелер бойынша Президент әкімшілігіне ұсыныс айтамыз деді. Және осы жиында Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен тұғындарға медициналық, әлеуметтік жағдай жасау сияқты тағы басқа да проблемалар қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив