Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кетті
Протозанова көшесінде тағы бір жол көлік оқиғасы орын алды. Крылов көшесінің бойымен жүріп бара жатқан жеңіл көліктің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, жәбірленуші орта жастағы әйел екен. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы тез арада келген.
- Тіркелген жол көлік оқиғасының фактісі бойынша апаттың себебі-салдары анықталып, тергеу амалдары жүргізілетін болады , - деді Өскемен қаласының ІІБ-ның баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз