KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

ШҚО спортшысы Румыния төрінен жеңіспен оралды

29.11.2017, 16:35 68

Румынияның Бухарест қаласында жалауы желбіреген XVI Европа чемпионатында шығысқазақстандық спортшы Киокушинкай-кан каратэ бойынша жеңімпаз атанды. Спортшыны ата-анасы және жақындары қуанышпен қарсы алды.


Сайысқа Еуропаның 22 елінен келген алдыңғы қатарлы спортшылар қатысты. Диас Костубаев 12-13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, 40 кг дейінгі салмақта Еуропа чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы бұл чемпионатқа 15 спортшы апарды. Шығыс өңірінен бір өзі аттанған жас спортшы барлығы 3 жекпе-жек өткізіп, барлық кездесуін сенімді ұтты. Диас үшін жарыс қожайынымен өткізген алғашқы кезедесуі қиынға соққан көрінеді. Жартылай финалдық және финалдық жекпе-жегінде ресейлік спортшылардан айласын асырып, тұғырдың ең биігіне жайғасады.


– Бұл сайысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, 3 ай көлемінде дайындалдық. Дайындық барысында Диастың салмақты ұстап тұруы сәл қиынға соқты. Румынияға жеткенге дейін бұл жағы реттеліп, салмағы бірқалыпты болды. Қайткенмен де жарыс біз үшін сәтті аяқталып, жақсы нәтижеге қол жеткіздік, – деді Шығыс Қазақстан облыстық киокушинкай-кан каратэ филиалының жетекшісі Руслан Алшимбаев.


Руслан Алшимбаевтың айтуынша, біраз күн тыныққан соң алдағы күтіп тұрған Халықаралық жарысқа дайындалатын болады. Айта кетейік, Диас осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарған болатын.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив