KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Шемонайхада 400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр

17.11.2017, 03:45 207

Шемонайха ауданындағы «Рулиха» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы салынуда.


Келесі жылы іске қосылатын бұл кешенде қазір құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Аудан әкімі Амангелді Тоқтаровтың айтуынша, «Рулиха» ЖШС-ның жетекшісі С.Сағандықов жеке қаражатына фермаға қажетті заттарды сатып алған.


– Биыл «Камышинское» шаруа қожалығында құны 450 миллион теңгені құрайтын 360 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы салынуда. Аталмыш шаруа қожалығындағы жалпы ішкі өнімнің 70 пайыздан астамы мал шаруашылығынан түседі. Негізгі табыс көзі егінге тәуелді емес, өндіріс әртараптандырылған, - дейді Амангелді Тоқтаров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив