KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 7 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Челябідегі көрмеге әйгілі «Т-34» танкісінің алғашқы нұсқасы қойылды

9.11.2017, 10:17 170

Жаңадан салынған «Русские электрические двигатели» зауытында «Адам капиталын дамыту» тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылды. Оған өңірімізден «Шығыс тур» ЖШС, «Әйгерім» демалыс базасы, «Тоғас-Интурсервис» турфирмасы қатысты. Бірер минуттардан соң осы жерде қос елдің басшылары кездеседі.


Көрмеге Челябі қаласынан шығарылған әйгілі «Т-34» танкілері мен «ЧТЗ» шыңжыр табанды тракторлары басты экспонат ретінде қойылған.

Көрме барысында екі елдің іскер адамдары бейресми жағдайда әріптестік орнатып, тиімді келісімдерге жол аша алды.


– Көрме өте ауқымды, Форумның тақырыбы да маңызды – адами капитал, – дейді Форумға Екатеринбург қаласынан келген Галина Лебедева. – Әлемде болып жатқан оқиғалар достықтың қаншалық құнды екенін көрсетіп отыр, мемлекеттер бір-бірімен ынтымақтастық орната алса, экономика да өседі, тұрғындардың әл-ауқаты да артады.

Бірер минуттан соң осы зауытта қос елдің президенттері – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтеді.


Ресейдің Челябі қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде. Оның тақырыбы – адам капиталын дамыту. Форумның іскерлік бөлімі «Станкомаш» индустриалдық паркінің «Русские электрические двигатели» зауытында ұйымдастырылған.


Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына тұспа-тұс келген Форум аясында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесі, панельдік сессиялар болды, ол жиындарда сарапшылар екі ел арасындағы өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сандық кеңістігін құру мақсатында цифрлық экономиканы дамыту саласындағы серіктестікті ширату түйткілдерін талқыға салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив