Темір тордың арғы жағында спартакиада өтті
«Сен қоғамға керексің» жобасы аясында ОВ 156/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында спартакиада ұйымдастырылды. Сотталғандар шағын футбол, үстел теннисі және волейболдан өткен сайыстарда белсенділік танытып, жақсы ойын көрсетті.
Аудан прокуроры Александр Акуловтың айтуынша, түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдеуге және әлеуметтендіруге бағытталған жоба аясында мұнда көптеген шаралар атқарылып келеді. Өткізіліп отырған спартакида солардың бірі ғана. Оның ойынша, спорттың тәрбиелік маңызы зор. Ол адамды жеңіске жетуге итермелеп, төзіміділік пен тәртіпке баулиды.
Шағын футбол мен үстел теннисінен өткен жарысқа он командадан қатысса, волейболдан төрт команда өзара сайысқа түсті. Ойын барысында командалардың сайысқа үлкен дайындықпен келгендіктері байқалып тұрды. Спарткиада соңында барлық жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сондай-ақ, сол күні жазасын өтеушілер скайп арқылы жақындарымен жүздесуге мүмкіндік алып, жеке карточкаларына мадақтаулар енгізілді.