KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ЭКСПО-дағы ең үздік павильондар анықталды

10.09.2017, 02:09 165

9-қыркүйек күні кешкісін, көрменің аяқталуына тура 24 сағат қалғанда Экспо кешенінің Энергия Холл сахнасында ЕХРО -2017 көрмесінің ең үздік павильондары анықталды. Сәулет және халықаралық көрме саласындағы тоғыз сарапшыдан құралған халықаралық әділқазылар үш айға созылған көрменің үздік павильондарын төрт түрлі топ бойынша таңдап, іріктеген.


Сарапшылар павильондарға баға беруде олардың тек болашақтың энергиясы тақырыбы мен мазмұнын ашуын ғана емес, дизайны мен келушілерге қолайлылығы жағын да ерекше ескергендігін ескертті. Көрменің үздіктері 700 шаршы метр және одан үлкен көлемдегі, 400 шаршы метрден 700 шаршы метрге дейінгі, 400 шаршы метрден аз көлемдегі және бірлескен павильондар түрі бойынша анықталған.

«Көрме дизайны» және «Көрменің тақырыбын ашу» аталымдары бойынша бірінші, екінші, үшінші орындарды алған павильондар тиісінше алтын, күміс, қола жүлделерді иеленді. Бірлескен павильондар арасынан «Көрме дизайны» аталымы бойынша қола жүлде Латын Америкасы Плазасына берілді. Күміс жүлдені Тынық мұхиты аралының павильоны алды. Алтын медальді Кариб қоғамдастығы павильоны иеленді.


«Көрме тақырыбын ашу» аталымында Украина елінің павильоны қолаға, Гана павильоны күміске, Тәжікстан павильоны алтынға қол жеткізді.


Аумағы 400 шаршы метрден аз көлемдегі павильондар тобында «Көрменің дизайны» аталымының қола медалі Латвияның павильонына, күміс Словакия елінің, алтын Польшаның павильонына бұйырды.

«Көрменің тақырыбын ашу» аталымы ауқымында осы топтағы Чехия қола, Сингапур күміс, Финляндия алтын медальдарды жеңіп алды.


Көлемі 400 ден 700 шаршы метрге дейінгі аумақты алған павильондар бойынша «Көрме дизайны» аталымының бірінші, екінші, үшінші орындарын Катар, Монако, Азербайжан елінің павильондары иеленіп, тиісінше қола, күміс, алтын жүлде алып қайтты. Тоғыз халықаралық сарапшының шешімімен осы топтың ішіндегі Индия, Венгрия, Швейцария елдерінің павильондары «Көрменің тақырыбын ашу» аталымында қола, күміс, алтын медальдармен марапатталды.


Экспо-2017 көрмесінің ең үлкен павильондары, жалпы аумағы 700 шаршы метрден астам жерді алған павильондар қатарындағы Оңтүстік Кореяның павильоны конкурс қорытындысы нәтижесінде үшінші орын алып, қола жүлдені, аталған топқа енген Ұлыбритания екінші орыны үшін күміс жүлдені, ал, Ресей бірінші орын алып, алтын жүлдені иеленді. Бұлардың бәрі «Көрме дизайны» бойынша топ жарғандар болса, халықарылық көрме бюросы мен қазылар «Көрменің тақырыбын ашу» аталымының алтынын Германияның павильонына, күміс жүлдені Қытай халық республикасына, қоланы Францияға берді.


Халықаралық көрме павильондарын марапаттау рәсімі 1861 жылы Лондонда өткен бірінші бүкіл әлемдік көрмеден бері дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Марапаттау рәсімі 1958 жылы Брюссельде өткен бүкіл әлемдік көрмеден соң тоқтап қалғанымен, халықаралық көрме бюросының бастамасымен 50 жыдан соң қайтадан, 2005 жылы өткен Жапонияның Айти көрмесінен бастап жалғасын тапқан. Содан бері өтіп жатқан халықаралық көрмелердің бәрінде бұл рәсім көрменің ажырамас бір бөлігі болып, оған қатысушылардың үздіктеріне үлкен қошемет, мақтау, марапат көрсетіліп келеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив