KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Халықаралық көрмелер бюросы Елбасыға алтын медаль табыстады

10.09.2017, 16:18 194

Халықаралық көрмелер бюросы ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізуге тікелей атсалысқаны үшін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты бюроның бірінші алтын медалімен марапаттады.


Халықаралық көрмелер бюросы Қазақстан Президенті мен үкіметіне білім беру, инновациялар мен ынтымақтастық негізі құндылықтарына қолдау білдіріп, болашақтың энергиясы саласындағы жаһандық ынтымақтастыққа қосқан өлшеусіз үлесі үшін осылай құрмет көрсетіп, алғыс айтты. Аталған марапатты бюро президенті Стин Кристенсен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовке табыстады.


Екінші алтын медаль халықаралық көрменің табысты өтуіне бар күштерін салып, үлкен үлес қосқан халықаралық қатысушыларға берілді. Көрмелер бюросы көрмені өткізудегі кәсібилігі мен халықаралық қатысушыларға көрсеткен қолдауына ризашылығын білдіріп, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ның ұжымын да алтын медальмен марапттады. Айырықша қонақжайлылық көрсетіп, шетел азаматтарына шабыт сыйлаған Астана шаһары мен оның тұрғындары да бюроның алтын медалімен марапатталып, ол қала әкімі Әсет Исекешовке тапсырылды. Жер-жаһанға сауын айтып, халықаралық көрменің өтуін кеңінен жарнамалап, оған қатысушыларды, келушілерді көптеп тарта білген ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевқа, жан-жақтан жиналған көрменің еріктілері мен ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаментіне де осындай марапат көрсетілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив