Тәуелсіздік даңғылында оқушыларды қағып кетті
Өскемендегі Комендантка арнасының көпірі маңында «Тойта Камри» көлігі жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан екі қыз баланы қағып кетті.
Өскемемен қалалық ІІБ мамандарының хабарлауынша, оқиға 3 қыркүйек күні Тәуелсіздік даңғылындағы «Кактус» дәмханасының жанында болған.
-«Тойота Камри» автокөлігі 45 гастроном жақтан Ушанов алаңына қарай қозғалып келе жатқан. Көпірге шыға берісте көлік жүргізушісі жолақпен өтіп бара жатқан адамдарға жол бермей, оларды қағып кеткен. Оқушы қыздар ауруханаға жеткізілді.
Қазір, 39 жастағы көлік жүргізушісіне қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдары зерттеліп жатыр.
Оқи отырыңыз