Өскеменде трамвайлар тағы тоқтады
Бұл жолы толықтай. Электр энергиясындағы шектеулер мен күн райының қолайсыздығы трамвайлар қатынасының толықтай тоқтауына себепші болды.
Трамвай паркінің қызмектерллері көлік жолдарын тазалауға бар күштерін салғаным ен, оларынан түк шықпаған сыңайлы. Темір жолдарды тәулігіне екі рет тазалау мүмкін болмай жатыр. Электр энергиясы толық берілген жағдайда жағдайды реттеуге болар еді,алайда бұл жағынан аталған паркке шектеу қойылғаны белгілі.
- Өкінішке қарай, Өскемен қаласында трамвай қатынасы толықтай тоқтағанын хабарлауға мәжбүр болып тұрмын. Бұған тек қана ауа райы емес, кәсіпорынның болашақтағы тағдырының белгісіздігі де ықпал етіп отыр. Сондықтан трамвай паркіне инвестиция тарту мәселесі шешілмейінше,трамвай қатынасы тоқтатылады,-деді парк директоры Анатолий Успенский.
Сонымен қала тұрғындары енді қаладағы қатынас кезінде трамвай көліктерінің жоқтығын ескергендері жөн.
Оқи отырыңыз