KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Германия Конфедерация кубогын жеңіп алды

3.07.2017, 05:28 116

Германия құрамасы Конфередация кубогы-2017-ны жеңіп алды.


Жексенбі күні Петербордағы "Санкт-Петербор Арена" стадионында өткен финалдық матчта, Йоахим Левтің командасы Чили ұлттық құрамасын жеңді.


Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голдың авторы Ларс Штиндль болды. Осылайша, Германия құрамасы алғаш рет Конфедерация кубогын иеленді.


Бұдан бұрын, жексенбі күні қола үшін өткен матчта Португалия құрамасы Мексиканы 2:1 есебімен жеңді.


Конфедерация кубогы -2017 17 маусымда басталды. Ойындар Мәскеу, Петербор, Қазан және Сочи қалаларында өтті.


interfax.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив