KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қазақстандық каратэшілер ТМД кубогын жеңіп алды

26.02.2012, 18:00 122


Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өткен Киокушинкай-кан каратэдан V Халықаралық турнирде Қазақстанның құрамасы жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынға ие болып, турнирдің бас жүлдесі - ТМД кубогын жеңіп алды.
Жалпы, бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар 29 команданың атынан шықты. Каратэшілер 10-18 жастағы балалар, жасөспірімдер және ересектер санаттарында 30-80 келі салмақ дәрежелері бойынша өнер көрсетті. Турнирдің қорытындысына сәйкес, қазақстандық каратэшілер жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынға ие болып, ТМД Кубогын жеңіп алды. Екінші орында - Ресей. Қырғызстан үшінші орынды қанағат тұтты.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив