KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Қазақстанның хоккейден құрамасы 2014 жылы әлем чемпионатының ТОП-дивизионына қатысуға мүмкіндік алды

20.04.2013, 18:00 131


Қазақстанның хоккейден құрама командасы әлем чемпионатындағы соңғы ойнында Италияның командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz. мәліметіне сүйеніп.

Матч 20-сәуір күні кешке өтіп, 0:3 есебімен аяқталды. Шайбаны соққандар Талғат Жайлауов и Роман Старченко (дубль жасаған).

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер осы турнирде жапондықтарды (2:5), британдықтарды (5:0) және Оңтүстік Корея құрамасын (4:2) есебімен жеңген болатын. Владимир Крикуновтың тәрбиеленушілері тек Венгрия командасынан ұтылған еді. (1:2).

Естеріңізге сала кетейік, 14 мен 20 сәуір аралығында Будапешт пен Донецк қалаларында әлем чемпионатының Бірінші дивизионы өтті. Қазақстан құрамасы бес ойыннан кейін А тобында 1 орынды иеленіп, 2014 жылы Минск қаласында 9-25 мамыр аралығында өтетін әлем чемпионатының ТОП-дивизионына қатысуға мүмкіндік алды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив