KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Этикеткасы жұлынған киімді сатушыға қайтарып беруге бола ма?

12.06.2017, 18:00 203



–Жуырда бауырыма дүкеннен костюм сатып алдым, оның тек этикеткасын, яғни заттаңбасын жұлып алған болатынмын, бірақ өлшемі келмей оны қайтадан дүкенге тапсыруға барғанымда сатушы этикеткасы жоқ деп, қабылдаудан бас тартты. Костюм сол қалпы, чегі бар. Сатушы әрекеті заңды ма?

Назира Досболова,
Өскемен

Бұл сұраққа заңгер маман Әдия Асылбаева жауап береді:


– «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңның 30 бабы, 1 тармағына сәйкес, егер тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Өкінішке қарай, Сіз сапалы тауарды қайтара немесе айырбастай алмайсыз, өйткені этикеткасы жұлынып алынған болатын. Яғни, сатушының осындай заңды құқығы бар. Бірақ, кейде сатушылар тұтынушының ығына жығылып, жағдайға түсіністікпен қарап, тауарды ауыстырып, не қабылдап, ақшасын қайтарып жатады.

Әзірлеген - Ержан Әбіш




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив