KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

ШҚО орман шаруашылықтарында түтінді 65 шақырым жерден сезетін құрылғылар бар

12.06.2017, 18:00 71



Өскеменде Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті көшпелі отырыс өткізді.

Жиында «Семей орманы» мекемесінің бас директоры Мұрат Дәулетов атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

– Еккен көшеттеріміз толық өсіп жатыр, орманда өрт тіркелген емес, техникамыз сақадай-сай. Өз әдіс-тәсілдерімізбен бөлісу үшін тамыз айында республикалық семинар өткізбекпіз. Мәселен, қолданысымызда түтінді 65 шақырым жерден сезетін құрылғылар бар. Олар өртті ерте байқап, тез ауыздықтауға мүмкіндік береді, – деген мекеме басшысы басты мәселе мамандарға беретін баспананың жоқтығы екенін алға тартты. Кадрлар егде жаста, ал жастарды тарту үшін жағдай керек.

Ержан Әбіш




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив