KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
480.55 533.75 5.36

Әлемнің үздік археологтары ШҚО-да қазба жұмыстарын жүргізеді

26.05.2016, 18:00 140



ШҚО аумағында 2016-2018 жылдар аралығында «Мәңгілік Ел» бағдарламасы аясында 5 тарихи нысанға археологиялық зерттеу жүргізіледі. Зерттеу жұмысына отандық археологтармен қатар Ұлыбритания, Италия, Бельгия, Венгрия, Австриядан келген үздік ғалымдар қатысады, деп хабарлайды Аltaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Зерттелетін нысандар қатарына Ұлан ауданындағы Аблайкет қамал-шіркеуі, Катонқарағай ауданындағы Берел, Зайсан ауданынан Шілікті, Абай ауданындағы Қырықүңгір және Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы қорымдары кірген.

- Бұл жоба облыс басшылығының ұсынысымен және қолдауымен бастама алған бірінші ауқымды жоба десе болады. Оның үстіне Шығыс Қазақстан бірнеше тайпаның шыққан, әрбір жері тарихқа тұнып тұрған тамаша мекен. Сондықтан өңірден тек жәдігерлер тауып қана қоймай, тарихи орындарға келушілер саны артады деген сенімдеміз, - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Карл Байпақов.

Сонымен қатар, зерттеуге жас мамандар және жергілікті ЖОО студенттері қатысып, табылған жәдігердің барлығы тарихи-өлкетану мұражайының қорына тапсырылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив