ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ баламалы энергия көздерінің үлесін арттыруды көздейді. Қазіргі уақытта компания бірқатар жобаны іске асырды. Оның бірі – қуатты 300 МВт-ға дейін арттыру перспективасы бар қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-і. Пайдалануға енгізген сәттен бастап 2016 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша таза электр энергиясын өндіру 140 млн. кВтсағ-қа жетті. Жыл сайын ЖЭС 45 110 мың тонна көмірді жандырудан сақтайды, ол парниктік газдардың шығарылуын төмендетеді. Станция өндіретін электр энергиясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме объектілері инфрақұрылымының мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын болады.
Қапшағай КЭС-і – Қазақстандағы МВт-классының бірінші күн станциясы. 2013 жылдан қазіргі таңда 5 млн. кВтсағ таза энергияны өндірді. Ағымдағы жылғы наурыза айында Қапшағай КЭС базасында Primus Power американдық компаниясымен бірлесіп, электр энергиясын сақтау жүйелеріне тестілеу жүргізіледі. Алдын ала нәтижелері жүйенің тұрақты жұмысын және Қазақстанда өндіру мүмкіндігімен оны тираждау перспективтілігін көрсетті.
Оңтүстік тұтынушыларға таза электр энергиясын жеткізуді Мойнақ СЭС-і және Шардара СЭС-і жүзеге асырады. 2012 жылы пайдалануға енгізгеннен бастап Мойнақ СЭС-інің электр энергиясын өндіруі 3 млрд. кВтсағ-тан асты.
Қуаты 1 320 МВт Балқаш ЖЭС-і жобасы бойынша құрылысты бастау үшін инфрақұрылымды дайындау аяқталды. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» Қоры тарапынан Жобаға қолдау көрсетіледі. Жабдықтардың жоғарылатылған параметрлері 10 млрд. кВтсағ электр энергиясын өндіру кезінде 900 мың тоннаға дейін көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталған объектіде қоршаған ортаға ықпал етуін еуроодағының нормаларына дейін мейілінше қысқартатын технологиялар (жеңқұбыр сүзгілері және күкірт тазарту жүйесі) Қазақстанда алғаш рет пайдалнылатын болады.