KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да Президенттік шыршаға 300-ге жуық бала қатысты

24.12.2015, 18:00 136


ШҚО-да Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткен шыршаға 300-ге жуық бала қатысып, мерекелік әсер алып қайтты. Ертегі әлеміне сапар шеккен бүлдіршіндердің көпшілігі оқуда, мәдениет пен спортта жетістікке жеткен және әлеуметтік тұрымысы нашар, көпбалалы отбасынан шыққан, ата-анасыз қалған жасөспірімдер болды.

Шырша мерекесіне орай облыстың түкпір-түкпірінен келген кішкентай қонақтар Елбасының құттықтауын тыңдады.
– Біздің ел аз уақыттың ішінде мықты, тәуелсіз мемлекетке айналды. Біз көптеген ұрпақтардың ұлы армандарын орындадық. Әр қазақстандық Отанының гүлденуіне өз үлесін қосуда. Сіздердің оқу, спорт және шығармашылықта талай белестерді бағындырғандарыңызды білемін. Сіздердің жетістіктеріңіз биік белестерге апарар алғашқы қадам. Сіздерді шын жүректен Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мерекелік шара соңында ғажайыптар әлеміне саяхат жасаған жас жеткіншектер Аяз ата және Ақшақармен бірге жаңа жылдық шыршаны жақты.

ҚР Президенті атынан және облыс әкімдігі атынан өткен шырша мерекесіне қатысқан оқушылардың барлығы сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ, мерекеге орай қалада орналасқан мұражайларға экскурсиялар ұйымдастырылса, кинотеатрларда түрлі мультфильмдер көрсетілуде.

Желтоқсанның 23-інен бастап, облыстың барлық мектептері мен шағын орталықтары, балабақшаларында жалпы саны 34 000 баланы қамтыған мерекелік шаралар мен кештер өтуде.

ШҚО Ақпарат орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив