KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Бесқарағайлық балалар аудан әкімімінің шыршасына қатысты

30.12.2017, 08:25 236

Үлкен-Владимировка орта мектебінде  жаңа жылдық мерекеге орай салтанатты шара өтті. Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар мен көпбалалы отбасынан шыққан  бүлдіршіндер мен жеткіншектер Бесқарағай ауданы әкімінің шыршасына қатысып, ерекше қызықты сәттерге куә болды.


Жаңа жыл мерекесін асыға күтетін оқушыларды мектептің кіресберісінен бастап  түрлі ертегі кейіпкерлері қарсы алды.


-Мерекеге келген барлық оқушылардың өзіндік жетістіктері бар, бірі  өнерде,бірі оқуда,бірі спортта озық. Барлығы да талантты, дарынды балалар,-деді школ директоры  Г.Тілеубекова.

Жиналғандарды таң қалдырған да, таңдандырған да сәт- ортадағы  жасыл шыршаның түрлі түске боялып жарқыраған кезі болды. Ертегі кейіпкерлері барлық шара барысында  ойындар мен байқаулар ұйымдастырып, жаңа жыл кешін оқушылардың есінде қаларлықтай өткізулеріне бар ынталарын салды.  Ал мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар балаларға тәтті-дәміді сыйлықтарын үлестірді.  Сахнаға шықққан иттер  отбасы туралы мультсериал кейіпкерлері де бүлдіршіндерді күтпеген қуанышқа бөледі.


–Біз 2017-ші жылды шығарып салып жатырмыз, аталған жыл Бесқарағай ауданы үшін де, жалпы еліміз үшін де жемісті, жеңісті болды. Әсіресе Елорда төрінде өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесі көпшіліктің есінде қалды, дәл сол көрмеге біздің де балаларымыз барып, қатысып, көріп қайтты. Барлықтарыңызға толағай табыстар тілеймін,-деді  Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев.

Сәні мен салтанаты жарасқан жаңа жыл кешінің соңында балаларға тәттілерге толы дастархан жайылды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив